Alma Forest өнімдері
Он бір құты, төрт түр, бес хош иіс. Әр құтының затбелгісінде Алатаудың өз мекені бар.
SUSABYN Шашқа арналған сусабын
Барлық шаш түріне арналған, күнделікті жууға жарамды меруерт реңді сусабын. Қою кремді көбік береді, бас терісі мен шаш ұзындығын жұмсақ тазартады, тарауды жеңілдетеді. SLES-сіз, пантенол мен глицерин қосылған.
KREM-GEL Душқа арналған крем-гель
Меруерт жылтыры бар кремді гель. Кокос негізіндегі жұмсақ жуғыш заттар, глицерин және пантенол. Көбігі қою, оңай шайылады.
KREM-SABYN Қолға арналған крем-сабын
Қолды жиі жууға арналған кремді сұйық сабын. Жуғаннан кейін тері тартылмайды. Дозаторы ыңғайлы: бір-екі рет басу жетеді.
YDYS JUĞYŞ QŪRAL Ыдыс жууға арналған құрал
Майды суық суда да ерітеді. Балалар ыдысына, шыны бұйымдарға, жеміс пен көкөніске жарамды. Жуғаннан кейін ағын сумен шайыңыз.